Forte Challenger 125 турнирі: Үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті

4 Наурыз 2021, 10:15
1641
Бөлісу:
Forte Challenger 125 турнирі: Үш қазақстандық жұптық сында ширек финалға өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар Александр Недовесов, Григорий Ломакин және Тимофей Скатов жұптық сында елордада өтіп жатқан Forte Challenger 125 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды  ҚТФ баспасөз қызметі.

Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге ресейліктер Ян Бондаревский – Алибек Кочмазовпен күш сынасты. Қазақстандық-сербиялық жұптың айқын басымдылығымен өткен бәсеке 6:0, 6:1 есебімен аяқталды.

Григорий Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге қарсыластары, индус НСрирам Баладжи және словениялық Блаж Рола кортқа шықпағандықтан, ширек финалға жолдама алды. А.Недовесов – В.Троицки, Д.Попконың серіктесі А.Метревели жарақатына байланысты жартылай финалға өтті.  

Тимофей Скатов екінші айналымда аустриялық Себастьян Офнермен шеберлік байқасып, 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды. Т.Скатов фин Отто Виртаненмен бірге  ресейліктер Богдан Бобров – Евгений Донскойды жеңді.

Өзгелердің жаңалығы