Алматы, BAQ.KZ. Америкалық автокөлік шығаратын Ford Motor Co. концерні Бразилияда ертеден жұмыс істеп келе жатқан зауытын жауып, Оңтүстік Америкадағы пикап сату бизнесінен шығатынын мәлімдеді.
«Зауыт 2019 жылдың соңына дейін жабылмақ, нәтижесінде 2,7 мың адам жұмыссыз қалмақ»,- делінген компанияның хабарламасында.
Сан-Бернарду ду Кампу зауыты 1967 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда F-4000 бен А-350 ауыр пикаптары және Ford Fiesta жеңіл көлігі шығарылады. Алайда соңғы кезде Оңтүстік Америкада бұл көліктерге деген сұраныс төмендеп кеткен.
Латын америкасындағы бизнестің қайта құрлымдауы Ford-тың жаһандық бизнестегі ауқымды өзгерістері аясында жасалып отыр. Компания бұған дейін 11 млрд доллар сомасындағы шығынды есептен шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.