Forbes ең табысты YouTube блогерлерінің тізімін жасады

24 Желтоқсан 2019, 01:39
2602
Бөлісу:
Forbes ең табысты YouTube блогерлерінің тізімін жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналы YouTube желісіндегі ең табысты 10 блогердің тізімін жасады, деп хабарлайды 24.kz.

Рейтингтегі бірінші орында екінші жыл қатарынан сегіз жасар Райан Каджи тұр. Оның 2019 жылғы табысы 26 млн долл құрады. Қазірдің өзінде оның YouTube арнасына 23 миллионға жуық адам жазылған. Сонымен қатар Каджи Walmart және Target сауда желілерімен, Nickelodeon тееларнасымен келісімшарттар жасасқан. 

Екінші орынды Dude Perfect деген атпен танымал болған бес дос иеленді. Коби Коттон, Кори Коттон, Гаррет Хилберт, Коди Джонс және Тайлер Тони әртүрлі трюктер орындап, видео түрінде жариялайды. Олардың кірісі 20 млн долл құрады. 

Үздік үштікке бес жасар Анастасия Радзинская жайғасқан. Оның арнасына 42,7 миллион адам жазылған, табысы 18 млн долл құрады. Радзинскийдің бейнелері жеті тілде жарияланады. 

Төртінші орында Рэт МакЛауфин мен Линк Нил тұр. Олардың төрт YouTube арнасы бар, табысы 17,5 млн көрсетті. Бет әрлеу бейнелерін түсіретін Джеффри Стар үздік 5-ке кірді. Танымалдылығы оған өзінің косметикалық өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді. Оның 2019 жылғы табысы 17 млн долл құрады. 

Алтыншы орынды пранкер Престон Арсмент алды, оның кірісі 14 млн долл. 

Ал 102 млн оқырманы бар әлемдегі ең танымал видеоблогер PewDiePie (Феликс Чельберг) бұл рейтингте жетінші орынды иеленді. Геймер Марк Фишбах (Markiplier)) ойындарды видеоға түсіріп қана қоймай, ойыншыларға арналған сәнді киімдердің жеке желісін шығарды. Оның табысы 13 млн долл. 

Британдық Дэн Миддлтон (DanTDM) Minecraft және Fortnite ойындары туралы бейнелер түсіреді. Оның табысы – 12 млн  долл. 

VanossGamin деген атпен танымал Эван Фонг ондыққа кірді. Оның табысы 11,5 млн долл құрады.


 


 


 

Өзгелердің жаңалығы