22 жылдан бері құрастырылуы тоқтаған Fokker 100 Қазақстанда әлі күнге жүр

27 Желтоқсан 2019, 12:19
5747
Бөлісу:
22 жылдан бері құрастырылуы тоқтаған Fokker 100 Қазақстанда әлі күнге жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы-Нұр-Сұлтан 2100 рейсімен шыққан Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы құлап, 15 адам қаза тапты. 

Осы ретте бірнеше қайғылы жағдай болған ұшақ түрінен Қазақстан неге әлі күнге бас тартпағаны түсініксіз.

Fokker 100 – Нидерланды елінің әуе компаниясы. Ұшаққа 107 адамға арналған. Бірақ зауыт соңғы өнімін 1997 жылы шығарған. 

Осы жылдар ішінде Қазақстанда Fokker-100-ге қатысты бірнеше оқыс оқиға тіркелді. Мәселен, 2014 жылдың 28 шілдесінде 19 сағат 12 минутта Атырау қаласының әуежайында Алматыға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағының сапары тоқтатылды.

Ұшақ 350 метр ұшу жолағынан өткенде, экипаж ұшақты тоқтатады. Бұған тұрақты ток сақтандырғышының істен шығуы салдарынан ұшақ жүргізудің есептеу жүйесінің (FMS) келісілмеуі себеп болған.

Ал 2005 жылы Эйр Астана әуекомпаниясының Fokker ұшақтарының қатысуымен ішкі әуежайда екі оқиға орын алды. Қозғалтқыштары істен шықты. Алайда, ұшқыштардың мәліметтері бойынша, техникалық ақаулар ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмеді. Дегенмен, 2006 жылдың қаңтарында Бас прокурордың бұйрығымен аталған әуе кемелерінің Қазақстандағы рейстері тоқтатылды. 

Сол жылы құрылған отандық комиссия құзырлы органның шешімін орынсыз деп танып, Fokker ұшағына қатысты болған оқиғаны қазақстандық әуежайлардың жер үсті қызметтерінің дайын еместігін және Қазақстандағы қиын климаттық жағдайлармен байланыстырды.

2016 жылы Bek Air компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы Астана әуежайына (қазіргі Назарбаев атындағы халықаралық әуежайы - авт.) қону кезінде алдыңғы шассиі шықпай, апатты қонуға мәжбүр болды. Бортында 116 жолаушы бар әуе кемесі 50 минут көлемінде көкте қалықтап жүрген. Абырой болғанда, білікті ұшқыштың арқасында зардап шеккендер болмады. 

Жалпы, Fokker 100 ұшағының алғашқы ірі апаттардың бірі 1993 жылы 5 наурызда Македонияның Скопье әуежайында тіркелген. Palair Macedonian Airlines авиакомпаниясы Цюрих бағытында ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай жоғалды. Сол апаттан 83 адам қайтыс болып, 14-і тірі қалды. 1996 жылы 31 қазанда Бразилиядан ұшып шыққантағы бір Fokker 100 ұшағы 25 секундтан кейін құлады. Жақын маңдағы ғимараттарға құлап, ұшақта 95 адам болған. Оның ішінде 4 адам қаза тапты.

Fokker Aircraft веб-сайтының хабарлауынша, 2018 жылдың 3 ақпанында Португалияға тиесілі екі F100 ұшағы, CS-TPA және CS-TPF Қазақстанда Bek Air-ге берілген. Ato.ru-ның хабарлауынша, Bek Air осындай бір бортты 2016 жылы сатып алған.

Бүгінгі таңда сайттың хабарлауынша, Fokker 100 ұшағын әлемнің 30 авиакомпаниясы қолданады. Bek Air-де осындай 11 кеме бар.

Авиациялық қауіпсіздік веб-сайтының хабарлауынша, осы күнге дейін апаттар мен ауыр апаттар салдарынан 16 Fokker 100 ұшағы жоғалған.

Негізгі авиакомпаниялар мен тапсырыс берушілер келесі авиакомпаниялар (2015 жылға арналған ақпарат): 

Network Aviation Australia (Аустралия) -12 бірлік;
Bek Air (Қазақстан) – 7 бірлік;
Alliance Airlines (Аустралия)  – 7 бірлік;
Air Niugini (Папуа-Жаңа Гвинея) – 7 бірлік.


 

Өзгелердің жаңалығы