Флюорографиядан қалай дұрыс өту керек?

13 Қаңтар 2020, 21:52
17597
Бөлісу:
Флюорографиядан қалай дұрыс өту керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, флюорография диагностикалық мақсатта жылына 1 рет барлық ересек пен 15 жастан бастап жасөспірімдерге жүргізіледі. 

Флюорографияны не үшін және жылына қанша рет өту қажет? Неше жастан бастап флюра жасатуға болады? Осы және басқа сауалдарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаментінің (ҚДСҰО ИЕААД) скринингтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Конуршина жауап берді.

Кеуде қуысының флюорографиясы-кеуде қуысы мен өкпе органдарын рентгенологиялық тексерудің профилактикалық және диагностикалық әдісі. Кеуде қуысының флюорографиясы обырды, туберкулезді және өкпенің кәсіптік ауруларын анықтау үшін скринингтік зерттеу болып табылады, - деді ол.
Алайда, осы тексеру жиі жүргізілетін адамдар тобы бар (жылына 2 рет):

* "Зиянды өндірісте" жұмыс істейтін адамдар (болат құю, кен өндіру, резеңке, асбест, полипропилен өндіру зауыттары, сондай-ақ химиялық кәсіпорындар);

* Балалармен жұмыс істейтін адамдар (педагогтар, тәрбиеші);

* Перзентханалардың, туберкулезге қарсы диспансерлердің, инфекциялық бөлімшелердің және перинаталдық орталықтардың медицина қызметкерлері;

* Созылмалы патологиялары бар емделушілер (демікпе, қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және т.б.).

Барлық рентгенологиялық зерттеуді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өтуге болмайды! Сонымен қатар, 15 жасқа толмаған тұлғалар және жүкті әйелдер, әсіресе бірінші триместрде өтуге тыйым салынады, - дейді мамандар.

Флюорографияны босанғаннан кейінгі алғашқы күндері әйелдерде туберкулезді анықтау мақсатында жүргізеді. Процедурадан кейін сүт порциясын сүзіп тастап, содан кейін ғана баланы емізуді жалғастыруға болады.

Флюорографияға дайындалу және оны өткізу тәртібі:

Гүлжан Қоңыршина атап өткендей, флюорография арнайы дайындықты қажет етпейді және кез келген уақытта өткізіледі.

Зерттеудің негізгі принциптері:

* Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек – бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді.

* Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, емшара алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулондар т.б.), сондай-ақ бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек.

* Әйелдерге бюстгальтер шешуді немесе ілгекті шолуға түспеу үшін белге түсіруді талап етеді;

* Ұзын шашты суретке кедергі жасамауы үшін төбеге жинап тастау ұсынылады.

* Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі, сондықтан ол жатқан науқасқа тағайындалмайды.

* Флюорография кезінде рентгенологтың барлық ұсыныстарын дәл орындау керек. Сурет барынша терең демалғанда жасалады - бұл кезеңде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.

* Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтіп аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.

Флюорографияны не үшін жасау керек?

Флюорограмма дені сау, бұрын ешқандай өкпе ауруларымен ауырмаған адамда қалыпты болады. Флюорография нормасы – қара дақтарсыз өкпе суреті.

Патологиялық флюорограмма – бұрын ауырған немесе бар ауруды куәландыратын өзгерістер анықталғанда болады:

• түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер;

* қабыну ошағы;

* фиброз;

* өкпе туберкулезі;

* бөгде денелер;

* ішкі органдар тіндерінің некрозы;

* абсцесстер.

Әрине, өкпе флюорографиясы патология туралы нақты ақпарат бермейді, бірақ ол өкпе тіндеріндегі өзгерістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін процедура өкпенің алдын алу диагностикасында ең қажетті болып табылады.

Уақытылы флюрографиялық тексеруден өтіңіз! Денсаулығыңызды күтіңіз!

Өзгелердің жаңалығы