Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Флюорография өтуге шақырады. Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

17 Мамыр 2024, 11:30
1777
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Абай облысы Полиция департаменті алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаскүнемдер поликлиникадан флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады.

Тексерудің күні мен уақытын таңдағаннан кейін, олар сізден телефонға келген кодты хабарлауды сұрайды. Код расталғаннан кейін олар жазбаның сәтті өткені туралы хабарлайды. Біраз уақыттан кейін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізе отырып, олар сіздің атыңызға несие ресімдейді.

Құрметті азаматтар! Сіздерді қырағы болуға және алаяқтардың айла амалдарына түспеуін сұраймыз! Жақындарыңызды ескертіңіз, - делінген Абай облысы Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы