Қазақстанның азаматтық авиация комитеті «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуекомпанияларының рейстері кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ның техникалық себептер бойынша рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымдарға байланысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды. Сонымен қатар «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-на жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, - делінген хабарламада.
Комитеттің мәліметінше, комиссия жұмысының және жоспардан тыс тексерудің нәтижелері қосымша хабарланады.
Айта кетейік, соңғы кезде аталмыш компаниялардың жұмысына қатысты арыз-шағым көбейіп кетті.