Флоридада АҚШ пен Украина келіссөздер жүргізуде

АҚШ-тың Флорида штатында Украина дағдарысын шешу мақсатында АҚШ және Украина делегацияларының келіссөздері "қатаң, бірақ сындарлы" өтіп жатыр. Бұл туралы BAQ.KZ CNN-ut сілтеме жасап хабарлады.

 Alex Wong/Getty Images 1 Желтоқсан 2025 2025, 02:34
1 Желтоқсан 2025 2025, 02:34
595
Фото: Alex Wong/Getty Images

АҚШ-тың Флорида штатында Украина дағдарысын шешу мақсатында АҚШ және Украина делегацияларының келіссөздері "қатаң, бірақ сындарлы" өтіп жатыр. Бұл туралы BAQ.KZ CNN-ге сілтеме жасап хабарлады.

Пікірталастар қақтығысты бейбіт жолмен шешуге қатысты кейбір "ең сезімтал мәселелерді" қозғайды. CNN дереккөздерінің айтуынша, келіссөздер әзірге жақсы қарқынмен өтіп жатыр.

АҚШ тарапынан келіссөздерге мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф және Ақ үй басшысының күйеу баласы Джаред Кушнер қатысуда. Украина делегациясына ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров және сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Кислица кіреді.

Наверх