Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Flightradar фон дер Ляйен ұшағындағы GPS ақаулығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

2 Қыркүйек 2025, 03:40
561
Бөлісу:
 Yves Herman/Reuters
Фото: Yves Herman/Reuters

Flightradar онлайн-сервисы Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен бортында болған ұшақта GPS жүйесінің істен шығуы туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Фон дер Ляйен мінген рейс ұшу сәтінен қонғанға дейін тұрақты және сапалы сигнал жеткізді, – деп хабарлады қызметтің ресми парақшасы.

Flightradar мәліметінше, рейспен болған жалғыз ерекшелік – ұшақ кестеден 9 минутқа кеш қонды. Жоспарланған ұшу уақыты 1 сағат 48 минут болса, нақты сапар 1 сағат 57 минутқа созылған.

Бұған дейін Financial Times газеті дереккөздерге сүйеніп, фон дер Лейеннің ұшағы Болгарияның Пловдив әуежайына GPS жүйесінсіз қонуға мәжбүр болды деп хабарлаған. Басылым мұны Ресейдің «навигациялық жүйелерді бұғаттау әрекеті» деп түсіндірді.

FT мәліметінше, мұндай кедергілер 2022 жылдың ақпанынан бері байқалып келеді және олар ұшақтардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Өзгелердің жаңалығы