Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

14 Тамыз 2021, 11:08
1045
Бөлісу:
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз рейтингін растады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 тамыз күні Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредит рейтингін «ВВВ» деңгейінде растады, болжамы «Тұрақты». 

Fitch Ratings сарапшыларының пікіріне сүйенсек, коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының құлдырау сәтінде Ұлттық қордағы активтер мен Ұлттық Банктегі резервтердің айтарлықтай көлемі Қазақстан экономикасына тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді.

Fitch Ratings 2020 жылғы экономикалық шоктарға мемлекеттің сыртқы резервтерінің тұрақты деңгейде сақталуын – сыртқы резервтерді тиімді инвестициялаумен және алтын бағасының жоғарылауымен байланыстырады. Fitch Ratings агенттігінің бағалауынша, Қазақстанның халықаралық резервтері бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес ЖІӨ-нің 47% құрады, бұл «ВВВ» рейтингісіне жататын мемлекеттер тобының орташа көрсеткіштерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Агенттік айырбастау бағамының икемділігі 2020 жылы мұнай бағасының құбылуын бәсеңдетіп, халықаралық резервтерді сақтап қалуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Fitch Ratings сарапшылары 2021 жылы бейрезиденттер тарапынан ҚР жергілікті мемлекеттік облигацияларына қызығушылық артқанын мәлімдеді.

Контрциклдық қағидаға негізделген жаңа фискалды ережені енгізу, Агенттіктің пікірінше, Ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етіп, макроэкономикалық саясаттың тиімділігін арттыратын болады.

Fitch Ratings агенттігінің ақпаратына сәйкес, мемлекеттегі ағымдағы инфляция мәні «ВВВ» рейтингіне ие мемлекеттер арасындағы орташа мәннен жоғары. Сонымен қатар, Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстандағы инфляцияның ағымдағы үдеуі азық-түлік өнімдері мен энергоресурстар бағасының әлемдік деңгейде өсуіне, сондай-ақ ішкі тұтынушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты туындап отыр.

Агенттік сарапшылары төлем балансы ағымдық шотының дефициті мұнай бағасының жоғарылауы мен ОРЕС+ енгізген өндіріске қатысты шектеулерді босаңсытуға байланысты 2021 жылы ЖІӨ 0,7%-ға дейін төмендейді (2020 жылы ЖІӨ - 3,7%) деп болжайды.

Fitch Ratings болжамына сәйкес, Қазақстан экономикасының өсімі 2021 жылы - 3,5%, ал 2022 жылы – 4% құрайтын болады.



Өзгелердің жаңалығы