Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
30 қазанда Мәскеуде жекпе-жек өткіземін. Жақын арада өзге мәліметтерді жариялаймын, - деп жазды Фируза.
Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Шарипованың келесі қарсыласы 32 жастағы сербиялық Сара Марьянович болады деген ақпарат тараған болатын.