Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова кезекті жекпе-жегі өтетін күнді жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, ол 26 шілдеде Минскідегі бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді, бірақ бұл жекпе-жектен өтпейтін болды. Шарипованың шекарадан өтуге қатысты проблемалары болған.
Спортшы тез арада балама тапты.
Сочи бокс федерациясының президенті Илья Илларионович Варовқа және "Ratel Pro Fight" промоутерлік компаниясына Минскідегі жекпе-жектің, 15 тамыздан бастап, әртүрлі қиындықтарға қарамастан, Сочидегі турнирде жұдырықтасуға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Мен қазір өте жақсы жағдайдамын, үнемі жаттығып жүрмін. Сондықтан мен жақын арада өнер көрсетуге дайынмын!, - деп жазды Шәріпова Инстаграмдағы парақшасында.