Финляндия ресейлік туристер үшін шекарасын жабады

Финляндия билігі 30 қыркүйектен бастап ресейлік туристерге шекара жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

30 Қыркүйек 2022 2022, 05:45
АВТОР
 30 Қыркүйек 2022 2022, 05:45
30 Қыркүйек 2022 2022, 05:45
1090

Финляндия билігі 30 қыркүйектен бастап ресейлік туристерге шекара жабылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Helsingin Sanomat ақпарат көзі «ресейліктердің туристік визалары жойылады. Фин визасы бар ресейліктер Еуропалық одаққа одақтың басқа елдері арқылы кіре алмайды» деп жазды.

Дегенмен, ресейліктер Финляндияға отбасылық себептермен, оқуға, жұмыс істеуге, емделуге, сондай-ақ гуманитарлық себептерге байланысты бара алады.

Қыркүйектің басында Латвия, Литва, Эстония және Польша ресейліктердің кіруіне шектеу қойды, Еурокомиссия жеңілдетілген визаларды алып тастады.

Наверх