Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) синхронды жүзуден олимпиадаға іріктеу турнирін кейінге қалдырды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ҰОК сайты.
Іріктеу бәсекесі 1-4 мамыр аралығында Токиода өтуге тиіс болатын.
Бұған дейін FINA 29-30 мамыр күндері Фукуока қаласында өтеді деп жоспарланған ашық суда жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирін, кейін 18-23 сәуірге жоспарланған суға секіруден әлем кубогін кейінге шегерген еді. Аталған турнирлерге қатысты соңғы әрі нақты шешім бір аптаның ішінде белгілі болады.