Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Филиппиннің оңтүстігінде жер сілкінді

16 Сәуір 2025, 08:31
633
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Филиппиннің оңтүстігінде жер сілкінді. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралында тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 5,6 балл болды.

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:42-де, Киамба қаласынан оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 51 шақырым жерде тіркелген. Қала халқы 10 мыңнан асады. Зілзаланың ошағы 31 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қиратулар туралы нақты ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы