Филиппиннің орталық бөлігінде магнитудасы 6,0 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синьхуа агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жерасты дүмпулері провинцияның өзге бөліктерін де сезілген.
Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым қашықтықта орын алды. Гипоорталық 8 шақырым тереңдікте орналасқан, - делінген Филиппин вулканология және сейсмология институты таратқан ақпаратта.
Филиппин Тынық мұхитының «өрт сақинасы» бойында орналасқандықтан елде жоғары сейсмикалық белсенділік байқалады.