Филиппинде тайфун салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болды

19 Желтоқсан 2021, 15:50
1064
Бөлісу:
Филиппинде тайфун салдарынан 100-ге жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Филиппинде тайфун соғып, салдарынан 75 адам қайтыс болды.  

 France-Presse агенттігінің хабарлауынша, демалыс күндері Тынық мұхитының «Жұмақ» тайфуны орын алған.

Бұл соңғы деректер болмауы мүмкіндігі айтылуда. Себебі байланыстың нашарлауына байланысты ақпарат алмасу қиынға соғып отыр. Бұған дейін 33 адамның қайтыс болғаны хабарланған.  

Гонконг метеорологиялық обсерваториясы таратқан деректерге сәйкес, «Жұмақ» - бұл маусымдағы 22-ші тайфун болып отыр. Ол Тынық мұхитының батыс бөлігінде қалыптасқан. Жексенбі күні күндіз апаттың ошағы вьетнамдық Биньдинь провинциясының акваториясында орналасады деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы