Филиппинде дүлей дауыл соғып, су тасқынына ұласты. Бірнеше провинцияны су басты. 72 адам қаза тапты. 33 тұрғын жарақат алды. 14-і із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Қала көшелері көлге айналып, жүздеген үй мен көлік су астында қалды. Төтенше жағдай агенттігі келтірген мәліметке сәйкес қазір құтқарушылар қауіпті аймақтағы тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялап жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын елде жер сілкінісі болған еді.