Филиппиннің оңтүстік-шығысында магнитудасы 6,4-ке жеткен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Бакулин ауданынан шамамен 16 шақырым шығыста орналасқан.
Жер сілкінісінің ошағы шамамен 35 шақырым тереңдікте болған. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.
Цунами қаупі жөнінде ескерту де жарияланған жоқ.
Филиппин әлемдегі сейсмикалық белсенділігі ең жоғары елдердің қатарына жатады. Бұл аймақ Тынық мұхитының сейсмикалық белдеуінде, яғни «Отты шеңбер» деп аталатын аймақта орналасқан.