Фейк. КВИ-ге қарсы вакцина алған балалар сабақта өздерін нашар сезінген

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады.&nbsp;</h4>

 23 Қараша 2021 2021, 14:10
23 Қараша 2021 2021, 14:10
1414

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Бұл өтірік.


СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.


Наверх