Ферроқорытпа зауытындағы жағдай: Қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу:
Ферроқорытпа зауытындағы жағдай: Қылмыстық іс қозғалды
Фото: qazindustry.gov.kz

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы ферроқорытпа зауытында зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 20 шілдеде Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен өнеркәсіп кәсіпорнының 8 қызметкері жеткізілді. Зардап шеккендердің алтауы реанимация және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендерді бейінді мамандар қарады. Қосымша тексерулер жүргізілді. Пациенттер толық көлемді барлық қажетті ем алып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша болған оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеру үшін Еңбек инспекциясы комиссия құрды, - деп мәлімдеді Еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетері, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс жағдай болды. № 1 пештен кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанды.

Өзгелердің жаңалығы