Фермерлерді де түсінуге болады. Министр киік санына қатысты пікір айтты

20 Қазан 2022, 16:20
1388
Бөлісу:
Фермерлерді де түсінуге болады. Министр киік санына қатысты пікір айтты

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктердің мәселесіне қатысты шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Киік мәселесі бойынша бір шешімге келдік деп айта алмаймын.  Бұл өте күрделі сұрақ болып тұр. Сұраққа келгенде бір-біріне қайшы ойлар да айтылып жүр. Мен журналистерге қазан аяғының айына дейін шешім қабылдаймыз деп айтқанымын. Бірақ мәселе өте күрделі болғандықтан әлі бір шешімге келмедік. Сондықтан біз барлық пікірлерді сараптап,  жақын арада ортақ шешім табамыз. Екінші жағынан,  фермерлерді де түсінуге болады. Қазір киіктер орналасқан аумақ 90 млн гектардан асады. Бұл дегеніміз еліміздің үштен бірін алып отырған жер. Ауыл шарушылығынан соншама жерлерді алып тастауда мүмкін емес деп ойламаймыз, - деді Брекешев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ведомства басшысы су тапшылығы мен су шығынын азайту мәселелерін шешу үшін біз жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Қазіргі уақытта су шаруашылығының  мәселелері «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «2025 жылға дейін Агроөнеркәсіптік кешенің дамыту жөніндегі» ұлттық жобалар аясында шешілуде. Мәселен, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай суару кезінде судың шығынын 4 текше километрге қысқарту, ал өнеркәсіпте тұщы су алу көлемін 1,3 текше километрге азайту жоспарлануда, - деді министр. 
 

Өзгелердің жаңалығы