Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінде әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай ойшылдың орталығы ашылды.
Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Біріккен Ұлттар Ұйымы және ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми орталықтар мен Ғылыми зерттеу институтының жетекшілері, танымал шетелдік және отандық ғалымдар-фарабитанушылар қатысып жатыр.
Жиын барысында қонақтарға әл-Фараби Орталығы таныстырылды, онда ғұлама ойшылға арналған мұражай экспозияциялары қойылған. Сондай-ақ, оның еңбектері мен ол туралы жазылған отандық және шетелдік басылымдардан көрме ұйымдастырылған.
Қонақтар Қазақстанның Тұңғыш президентіне, Абай және Алаш қозғалысының қайраткерлеріне арналған залдарды, Сирек және құнды кітаптар қоры мен цифрлы оқу залын аралап жүр.