Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілер алдымен БАҚ беттерінде пайда болады, ал келесі апта ішінде жаңалықтар таспасындағы хабарламаларға қосылады, деп хабарлайды interfax.ru.
Facebook әлеуметтік желісі мемлекет бақылайтын БАҚ хабарламаларын таңбалауды бастайды.
Біз баспалардың ашықтығын қамтамасыз етеміз, себебі олар медиаұйымдардың ықпалын мемлекеттің стратегиялық қолдауымен үйлестіріп отыр және адамдар оқып жатқан жаңалықтар үкіметтің ықпалында болуы мүмкін басылымдардан шығатын болса, оны халық білуі керек деп есептейміз, - деп жазды Facebook киберқауіпсіздік бөлімінің басшысы Натан Глейхер.
Белгілер алдымен БАҚ беттерінде пайда болады, ал келесі апта ішінде жаңалықтар таспасындағы хабарламаларға қосылады. Facebook-тің мемлекет бақылауындағы БАҚ-ты белгілеу функциясы БАҚ, басқару, адам құқықтары саласындағы сарапшылар және ұйымдармен ынтымақтастаса отырып әзірленді.
Компания БАҚ-тың мемлекет тарапынан бақыланатынын медиакомпанияларды қаржыландыру схемасы мен құрылымы, сондай-ақ, олар туралы ашық есептілік көздері негізінде анықтап, шешім қабылдайды. Мемлекет бақылауында болып саналған БАҚ өз мәртебесіне қатысты шағым түсіре алады.
Бейсенбі күні таңба алатын БАҚ арасында - Russia Today, Sputnik, Xinhua News және Philippine News Agency агенттіктері бар. Сонымен қатар, Al Jazeera телекомпаниясы жеке меншікте болғандықтан таңба алмайды.
Бұған дейін әлеуметтік желі алғаш рет таңбалауды 2019 жылдың қазан айында бастайды деп жариялаған болатын.