Эйфель мұнарасы жабылды

19 Ақпан 2024, 19:28
520
Бөлісу:
Эйфель мұнарасы жабылды

Эйфель мұнарасы уақытша жабылды. Оған қызметкерлерінің ереуілі себеп, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Наразы топ еңбек шартын жақсартуды сұрайды. Қазір жазғы Олимпиада ойындарының алдында монументті қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ ереуіл қатысушыларының айтуынша, Париж мэриясы бұған аз ақша бөлген. 

Бұл қызметкерлердің жүктемесін арттырады дейді. Айта кеткен жөн, Эйфель мұнарасы Парижде туристердің ең жиі баратын орны саналады. Жыл сайын мұнда 6 миллион адам келеді. 

Өзгелердің жаңалығы