Ұлу жылы елімізде түрлі жаңалықтар мен оқиғалар болды. Түрлі трендтер шығып, хит әндер жарыққа шықты. Тренд болған сөздер мен әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, ел есінде қалған бейнелерге шолу жасап көрген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Қайдасыңдар, тәтелер" ең көп және жиі қолданылатын сөздердің бірі болды. Бұл Ghetto Dogs-тың әнінде кездезетін сөз. Тик-ток және инстаграм желісінде бұл әнге байланысты түрлі видеолар түсірілді. Әсіресе табысқа жетіп жүрген қыздарға қарата айтылған слоган болды.
"Джунглилау, таулау ағаш тау ғой короче" бұл да жастар арасында жиі айтылған "қыстырма" сөздердің қатарына енді. Қайсар Қамза есімді блогердің бұл сөзі трендтен біраз уақыт түспеді. Саяхатты жақсы көретін блогер жігіт Африкада жүрген кезде осы сөзді айтып, Тик-ток желісінде хитке айналдырды. Тіпті Say Mo есімді әншімен бірге Waysberg remix әні жазылды.
"Открываю двери без ключа, чу-ча-ча-чу-чу-ча" иә, бұл сөзді еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін айтты. "Айдахар" – бұл Ирина Кайратовна тобының 2024 жылы жарық көрген танымал әндерінің бірі. Ән хип-хоп және рэп элементтерімен толықтырылған, ал мәтіні заманауи стильде әзіл мен ирония арқылы өрбіген. Әннің басты кейіпкері өзін "Айдахар" деп таныстырып, өзінің ерекше мінез-құлқын, беделін және харизмасын сипаттайды. Мәтінде "Бека" есімді кейіпкердің ауылдық өмірден шыққан жігіт ретінде өзін қалай құрметті тұлғаға айналдырғаны туралы баяндалады. Ән позитивті көңіл-күй сыйлап, жастар арасында танымалдыққа ие болды.
"Мұңайма, Үрбибі" бұл ән де 2024 жылы хитке айналып, жастар арасында түрлі видеолар түсіріле бастады. Желіде қырғыз тіліндегі нұсқасы тренд болды. Ақын Әлібек Мейірбекұлы 2001 жылы өмірден өткен. Ал жары Үрсұлу Сейдахметқызы оны былай деп еске алады:
Бұл Әлекеңнің маған арнап шығарған әні болатын. Қазір Қырғызстанда да кең таралып кетті. Бұған қуаныштымын. Ән отбасы құрғанымыздың 25 жылдығында жарық көрген еді. Одан бері де 30 жыл өтті. Жастардың айтып жүргені көңілімізді марқайтады, - дейді ол.