EXPO-2020. Қазақстан павильонын бір айда 200 мыңнан астам адам тамашалады

<p> </p> <h4 align="center">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қазанда Дубай қаласында EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан павильоны ең танымал және келушілер саны ең көп павильондардың біріне айналды. Оны 200 мыңнан астам адам тамашалады.<br> </h4> <br>

 8 Қараша 2021 2021, 20:40
8 Қараша 2021 2021, 20:40
1700

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 қазанда Дубай қаласында EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан павильоны ең танымал және келушілер саны ең көп павильондардың біріне айналды. Оны 200 мыңнан астам адам тамашалады.
 

EXPO-2020 дүниежүзілік көрмесі ашылғаннан бері барлығы 2 350 000 адам келіп кетті.

ҚР павильонының мәртебелі қонақтары арасында Қазақстаннан да, бүкіл әлемнен де ресми делегациялар көп. Қазан айында павильонға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Димитрий Керкентзес, БАӘ Жоғары лауазымды министрлері, сондай-ақ көрмеге қатысушы елдердің елшілері мен Бас комиссарлары келді.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан павильонының ресми ашылу рәсімі 2021 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісінің, Көрмеге қатысушы елдердің Бас комиссарларының, Халықаралық көрмелер бюросы мен EXPO-2020 ұйымдастыру комитетінің басшылығының қатысуымен өтті.
 

Наверх