Exit poll 24 мың сайлаушыны қамтыды

11 Қаңтар 2021, 00:28
1511
Бөлісу:
Exit poll 24 мың сайлаушыны қамтыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.

А. Мәжитова Институт интерерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізгенін айтты.

 

Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні 600 сайлау учаскесінің шыға берісінде азаматтарға сауалнама жүргізді. Оның 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және барлық облыс орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылды елдімекендерді қамтыды. Күні бойы 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Респонденттерге «қай партияға дауыс бердіңіз?» деген бір сұрақ қана қойылды,-деді Айнұр Мәжитова.

 

Сонымен қатар ол Exit poll zakon.kz ақпараттық порталының тапсырысы бойынша жасалғанын жеткізді.

 

Айта кетсек, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00  аралығында  жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы