Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Евровидение-2026": Нидерланды Израильге қарсылық ретінде байқауға бойкот жариялады

13 Қыркүйек 2025, 02:34
538
Бөлісу:
 Global Look Press/IMAGO
Фото: Global Look Press/IMAGO

"Евровидение-2026" ән байқауына бірқатар еуропалық елдердің бойкот жариялау ықтималдығы күшейді.  Нидерланды Израильдің қатысуына қарсылық білдіріп, байқауға бойкот жариялайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.

Газа секторында жалғасып жатқан ауыр жағдайды және адам азаптарын ескере отырып, Израильдің қазіргі қатысуын бұдан былай ақтай алмаймыз, - делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, AVROTROS Израиль үкіметінің «Евровидение-2025»-ке араласқанына алаңдаушылық білдіріп, байқаудың «саяси құралға» айналғанын сынға алды.

Нидерландыдан бөлек, Испанияның Мәдениет министрі Эрнест Уртасун да Израиль қатысатын болса, Мадрид байқаудан бас тартуы мүмкін екенін айтты. Елдің премьер-министрі Педро Санчес Израильді байқаудан шығару қажет екенін ашық мәлімдеді.

Ирландияның RTE телерадиокомпаниясы да Испанияны қолдап, Израильдің қатысуын «Газадағы шығындар аясында ұятсыз қадам» деп бағалады. ВВС-дің хабарлауынша, Словения да бойкот жариялауға жақын.

70-ші «Евровидение» ән байқауы 2026 жылдың 12-16 мамыры аралығында Венадағы Wiener Stadthalle аренасында өтеді. Бұл Австрия астанасында үшінші рет ұйымдастырылуы болмақ.

Өзгелердің жаңалығы