Евгений Плющенконың ұлы енді Әзербайжан атынан өнер көрсетеді

Атақты мәнерлеп сырғанаушының ұлы халықаралық жарыстарда енді басқа елдің туы астында өнер көрсетпек.

Бүгiн 2026, 15:07
АВТОР
 Ilya Moskovets/Ura.ru/Global Look Press Бүгiн 2026, 15:07
Бүгiн 2026, 15:07
183
Фото: Ilya Moskovets/Ura.ru/Global Look Press

Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы (ФФККР) 13 жастағы Александр Плющенкоға келесі маусымнан бастап басқа елдің құрамасына ауысуға рұқсат берді. Бұл туралы Радио РБК агенттігі хабарлады.

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко мен продюсер Яна Рудковскаяның ұлы Александр енді Әзербайжан құрамасы сапында өнер көрсетеді. 

Мәнерлеп сырғанау федерациясы спортшыға 21 мамыр, бейсенбі күні ресми түрде рұқсат берген. Енді Халықаралық конькишілер одағының (ISU) арнайы құжатын алғаннан кейін Александр келесі маусымнан бастап Әзербайжан атынан халықаралық жарыстарға қатыса алады.

РБК басылымы бұл мәселеге қатысты Плющенконың өзіне, Яна Рудковскаяға және олардың өкіліне сауал жолдаған. Сондай-ақ ФФККР-дан да пікір сұратылған.

Кіші Плющенко бұған дейін әкесінің мұз шоуларына қатысып, бірінші спорттық разряд бойынша өнер көрсеткен. Өткен жылы Мәскеу облысында өткен турнирлерде өз санатында екі рет жеңімпаз атанған. Алайда жарыстарда өзге қатысушылар болмағаны айтылған. Бұған қатысты Евгений Плющенко «біз ешкімнен қашып жүрген жоқпыз» деп мәлімдеген еді.

Евгений Плющенко – Турин Олимпиадасының жекелей сайыстағы және Сочи Олимпиадасының командалық жарыстағы чемпионы. Сондай-ақ оның қоржынында 2002 және 2010 жылғы Олимпиадалардың күміс медальдары, әлем чемпионаттарындағы үш жеңіс және Еуропа чемпионаттарындағы жеті алтын бар.

Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2022 жылдан бері Украинадағы әскери операцияға байланысты ресейлік мәнерлеп сырғанаушыларды халықаралық жарыстарға қатыстырмай келеді. Тек 2026 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ерекше рұқсат беріліп, оған Аделия Петросян мен Петр Гуменник қатысқан болатын.

Тағы оқи отырыңыз: АҚШ-та допингке рұқсат етілген алғашқы спорттық жарыс басталды 

Наверх