Еуропарламент депутаты Тоқаевтың Жолдауы туралы пікір білдірді

13 Қыркүйек 2022, 22:15
2688
Бөлісу:
Еуропарламент депутаты Тоқаевтың Жолдауы туралы пікір білдірді

Еуропарламент депутаты Тьерри Мариани ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт жағдайы туралы сөйлеген сөзін қызығушылықпен оқығанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт жағдайы туралы сөйлеген сөзін үлкен қызығушылықпен оқыдым. Оның асқақ көзқарасы мен өршіл сөздері еліңіздің болашағы үшін зор үміт күттіреді. Осыған орай, бұл мандаттың жаңа форматындағы батыл шарамен кезектен тыс президенттік сайлауды ұсынуы – Қазақстанның демократиялық өміршеңдігінің көрінісі екені анық. Экономикалық еркіндіктерді тереңдету бағдарламасы – сіздің еліңіздің үйлесімді дамуы үшін зор мүмкіндік. Бұрынғы көлік министрі, мен осы саладағы қазақстандық тартымдылықты арттыруға бағытталған барлық қадамын тек қана қолдаймын. Бір сөзбен айтқанда, болашаққа арналған бұл жолдау Еуропарламенттегі Қазақстанның барлық достары үшін үлкен қуаныш, мен сіздің еліңіз туралы үнемі айтып жүремін, – деді Тьерри Мариани.

Сонымен қатар ирандық сарапшы – ғылым докторы Мохаммад Реза Абәш Ахмад ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қоғамдық прогреске қол жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа Қазақстанды құруға нақты инвестиция тарту, билікті әділ бөлу – бұның бәрі осы ел президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі (1401 жылғы 10 шәһривәр) сөйлеген сөзінде парасатты түрде айтылды. Жалпы, рақымшылықты дер кезінде жариялау арқылы әлеуметтік-экономикалық жоспарларды жүзеге асырудың кезеңін белгілеу ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзгерістер енгізуге шындап бел байлағанын көрсетеді және осы ел халқының мақұлдауымен Президент жеті жылдық кезеңде жарияланатын жоспарларды ілгерілетеді, – деді Мохаммад Реза Абәш Ахмад.

Сондай-ақ ол кез келген елдің орасан зор экономикалық жоспарларды жүзеге асырудағы негізгі қажеттілігі болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыруға көңіл бөлу және әлеуметтік алшақтықты азайту ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауындағы мәлімдемелерінде анық айтылғанын жеткізді.

Инвесторлар мен элиталарды осы елде болуды ынталандыру, егер оған қол жеткізілсе, бұл маңызды жетістік деп санауға болады. Бұл ел Президентінің сөзімен айтылған бастамалар мен ашық саяси кеңістік құру және халықтың ресурстарды бөлуге қатысуы бұқара тарапынан қолдау тапса, нақты перспективаны жүзеге асырады. Жеке секторды нығайтумен қатар, үкіметті бақылаушы және қолдаушы позицияға орнықтыру Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетеді. Бұл ұлан-ғайыр елдің геосаяси орналасуын Шығыс пен Батысты байланыстыру және теміржол транзитін күшейту үшін пайдалана отырып, бұл елдің  Шығыс пен Батыс елдерінің көзқарастарын жақындату мүмкіндігімен бірге, Қазақстан жариялаған өзгерістер нәтижесіндегі даму екі есе қарқын алады. Биылғы жылдың күзінде өткізуге кезектен тыс сайлаудың жарияланғаны және оны халықтың қолдап, бекітуі осы ел тарихының жаңа парағын ашады, – деді ирандық сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы