Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті еліміздегі инвестициялық ахуал туралы айтты

31 Қазан 2024, 11:43
341
Бөлісу:
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті еліміздегі инвестициялық ахуал туралы айтты
Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com

Еуропалық Қайта құру және даму банкінің президенті (ЕҚДБ) Одиль Рено-Бассо Қазақстанда инвесторларға өте тиімді жағдайлар жасалғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада өтіп жатқан шетелдік инвесторлар кеңесінің кезекті отырысында сөз алған Одиль Рено-Бассо еліміздің осы бағытта соңғы жылдары жеткен жетістіктеріне тоқталды. 

Оның айтуынша, Қазақстандағы инвестициялық климат өте жақсы деңгейде. Бизнес жүргізуге кері әсерін тигізетін бюрократиялық кедергілер жойылған. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тәсілімен көптеген жаңа нысандар пайда болып жатыр. 

Солардың бірі – Көкшетау қаласындағы 650 орындық жаңа аурухана ЕҚДБ көмегі арқасында бой көтермекші. Сондай-ақ, мәртебелі мейманның сөзінше, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артып, шағын және орта бизнеске жақсы қолдау көрсетілуде.

Бұл өзгерістер Қазақстан экономикасының қарқында өсуіне жол ашады. Бұл өте жақсы. Қазақта жақсы бір мақал бар. Сіздерде "Досы көпті жау алмайды" дейді. Бұл ретте айтқым келгені – Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның ең жақын достарының бірі, - деді Одиль Рено-Бассо.

Айта кетейік, Астанада шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы