Еуропа қоршаған ортаны қорғау шараларын қолға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еуропалық Одақ парниктік газ шығаруды реттейтін «Шекарадағы көміртек түзетулері» деп аталатын жүйені бекітті. Бұл туралы «Хабар 24» жазды. Құжат 2030 жылға дейін Одақ аумағында зиянды газды шығаруды 55%-ке азайтуды көздейді.
Бұл шаралар Одақ өндірушілері үшін бірдей жағдай жасауға бағытталған. Ол болат, цемент, алюминий және тыңайтқыш шығару салаларында қолданылады.
Жаңа талаптарға көшу процесі 1 қазанда басталады.
Еуропа «жасыл төңкерістің» көш басында. Біз климаттың өзгеруімен күресті күшейтеміз. Жаңа заң көміртек құнын белгілейді. Қоршаған ортаны көп ластайтын өнеркәсіп салалары ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтуы керек. Одақ аумағынан тыс жерлердегі өнідірушілер үшін де көміртек бағасы белгіленеді. Егер олар өз өнімін ұйым елдерінде сататын болса, ақы төлейді, - деді Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола.