Еуропалық одақ елдері қысқы уақытқа көшті

 pixabay.com 25 Қазан 2026, 14:56
25 Қазан 2026, 14:56
193
Фото: pixabay.com

Германия мен Еуропалық одақтың басқа да мемлекеттері 25 қазанға қараған түні сағат тілдерін бір сағатқа кейін шегеріп, қысқы уақытқа өтті. 

DW таратқан мәліметке сәйкес, Еуропалық одақта жазғы және қысқы уақытқа көшу тәртібі 1996 жылдан бері қолданылады. Наурыздың соңғы жексенбісінде сағат тілі бір сағат алға жылжытылса, қазанның соңғы жексенбісінде бір сағат кейін шегеріледі. 2019 жылы Еуропарламент сағат тілін ауыстыру тәжірибесінен бас тартуды қолдағанымен, одаққа мүше елдер бұл мәселеде ортақ шешімге әлі келген жоқ.

Еуропалық одақ аумағында үш уақыт белдеуі бар. Ирландия мен Португалияда Гринвич уақыты қолданылады. Финляндия мен Балтық жағалауы елдерін қоса алғанда, одақтың сегіз мемлекеті Шығыс Еуропа уақытымен өмір сүреді. Ол Гринвич уақытынан екі сағат алда. Ал Германияны қоса алғанда, Еуропалық одақтың қалған елдерінде Орталық Еуропа уақыты қолданылады. Бұл уақыт Гринвич уақытынан бір сағат алда.

Наверх