Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропалық комиссия Ресейге қарсы 17-ші санкциялар пакетін әзірлеп жатыр

7 Мамыр 2025, 03:34
544
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Еурокомиссия Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті аясында химиялық заттарды экспорттауға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Financial Times басылымының хабарлауынша, Еуропалық комиссия Ресейге қарсы 17-ші санкциялар пакетін әзірлеп жатыр. Бұл жолғы шектеулер тізіміне бірқатар химиялық заттар мен олардың құрамдас бөліктерін экспорттауға тыйым салу қарастырылған.

Басылым дерегінше, жаңа санкциялар пакетінде қосарланған мақсаттағы тауарлар, атап айтқанда машиналар мен жабдықтарға арналған химиялық заттар мен компоненттер енгізілмек.

Бұған дейін Politico басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Еурокомиссия алдағы сейсенбіде Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакетін ұсынуы мүмкін екенін жазған болатын. Бұл құжатқа жекелеген тұлғалар, заңды ұйымдар және танкер тасымалына қатысты шектеулер енгізіледі. Алайда кейбір ЕО елдерінің келіспеушілігіне байланысты тізімге жаңа тауарлар атауы қосылмауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы