Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропадағы аптап ыстық: 2024 жылы 62 мыңнан астам адам қаза тапты

23 Қыркүйек 2025, 05:29
450
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Еуропалық ғалымдар 2024 жылдың жазындағы аптап ыстықтың кесірінен 62,7 мың адамның көз жұмғанын анықтады. Бұл деректер Nature ғылыми журналында жарияланған зерттеуде келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеуде 2022-2024 жылдар аралығындағы жазғы кезеңдердегі жылуға байланысты өлім-жітім көрсеткіштері сандық түрде бағаланған. Авторлардың мәліметінше, 2024 жылы ыстық ауа райы салдарынан болған өлім саны 2023 жылмен салыстырғанда көп (50 мыңнан астам), алайда рекордтық көрсеткіш тіркелген 2022 жылғы (шамамен 68 мың) деңгейден аз.

Бұған дейін, 9 шілдеде Reuters агенттігі Еуропаның 12 қаласында аптап ыстықтан 2,3 мың адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Лондон Империал колледжі мен Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің зерттеушілері бұл өлімдердің шамамен 1,5 мыңы климаттың өзгеруі салдарынан болғанын атап өтті.

Зерттеушілердің айтуынша, климаттың өзгеруі жылу толқындарының жиілігі мен қарқындылығын күшейтіп, әсіресе қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төндіріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы