Еуропада жаңа жылды қалай атап өтті?

2 Қаңтар 2021, 15:29
2126
Бөлісу:
Еуропада жаңа жылды қалай атап өтті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа жыл мерекесі әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер аясында өтті.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Франция қалаларының көшелерінде 31 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 20:00-де басталған коменданттық сағаттың сақталуын 100 мыңға жуық полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

Испания 2020 жылдың соңғы күндерін COVID-19 тіркелу санының алғашқы толқын шыңына дейін өсуі көрсеткіші аясында өткізді. Португалия да рекордтарды жаңартты: тәулігіне 7 627 жаңа жағдай анықталды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болды. 

Ұлыбритания ғалымдары коронавирустың жаңа штаммының көбею индексі әдеттегі штамнан 0,4-0,7 пунктке жоғары болуы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл коронавирустың жаңа штамын жұқтырған әрбір 10 адам «қосымша» 4-тен 7 адамға дейін жұқтыруы мүмкін дегенді білдіреді.

Өзгелердің жаңалығы