Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада аптап ыстық салдарынан ормандар жаппай өртеніп жатыр.
Бұл туралы ВВС мәлімдеді.
Португалия, Испания, Грекия мен Францияның оңтүстік-батысында құтқарушылар алапат жалынмен алысып жатыр. Мыңдаған адам эвакуацияланып, жүздеген адам ыстыққа шыдамай қайтыс болды.
Өрт сөндірушілердің жұмысына өрт шарпыған аудандарда ауа температурасы 40 градустан асып кетуі кедергі келтіруде. Осы аптада жаңа температуралық өзгеріс орын алуы мүмкін.
Қарт құрлықтағы және оған іргелес жатқан мемлекеттерде жаздың мұнша ыстық болуы қыстың өте құрғақ болуы ықпал еткен. Салдарынан шілде айында Франция, Испания, Италия, Хорватия, Грекия, Түркия мен Мароккода орман алқаптарына өртке оранды.