Еуропада коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, өлім-жітім деңгейі артты

25 Қараша 2020, 10:40
1787
Бөлісу:
Еуропада коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендеп, өлім-жітім деңгейі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропаның кейбір елінде COVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында тәуліктік өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркеліп жатыр, алайда инфекцияның таралу қарқынының төмендеуі байқалған елдер де бар. Атап айтқанда Франция мен Ұлыбритания, деп жазды interfax.ru.

Италия

Италияда наурыз айының соңынан бері өлім-жітімнің рекордтық өсімі тіркелді, соңғы 24 сағат ішінде елде 853 вирус жұқтырған адам қайтыс болды. Бұл алдыңғы күннің көрсеткішінен шамамен 200 адамға жоғары.

Бір тәулік ішінде елде 23 232 жаңа инфекция жағдайы анықталды. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен сәл жоғары (22 930). Инфекция жағдайларының рекордтық өсімі 13 қарашада тіркелді, шамамен 41 мың 605 мыңнан астам науқас сауығып кетті.

Италия дәрігерлер федерациясының мәліметінше, соңғы он күнде 27 денсаулық сақтау қызметкері коронавирустық инфекциядан қайтыс болған, соңғы айда 27 мың медицина қызметкері сырқаттанған.

Айта кетейік, Италияда пандемия кезінде 1,4 миллионнан астам адамға коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды, 51 мыңнан астам адам қаза тапты. Өлім көрсеткіші бойынша Италия әлемдегі алтыншы, ал Еуропада Ұлыбританиядан кейінгі екінші ел болып отыр.

Испания

Пандемияның екінші толқынында вирус жұқтырғандар арасында тәуліктік өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Испанияда тіркелді. Соңғы 24 сағат ішінде елде 537 COVID-19 жұқтырған адам қайтыс болды. Екінші толқын үшін алдыңғы антирекорд бір апта бұрын тіркелген - күніне 436 өлім.

Тәулігіне коронавирустың 12 228 жағдайы тіркелді. Жалпы елде COVID-19 пандемиясы басталғалы бері 1,6 миллионға жуық адам коронавирус диагнозы қойылды, жағдайлардың жалпы саны 43,6 мыңнан асты.

Бір күн бұрын Испанияда екі аптадағы статистикаға сүйене отырып, елдің 100 мың тұрғынына шаққанда COVID-19 көрсеткіші 374-ке дейін төмендеді. 23 қазаннан бергі бұл алғаш рет ол 400-ден төмен көрсеткіш.

Франция
Францияда сырқаттанушылықтың тәуліктік көрсеткішті төмендеуде: тәулігіне коронавирустың 9 155 жағдайы анықталды. Бір күн бұрын Францияның Денсаулық сақтау органдары күніне 4 452 COVID-19 оқиғасын тіркеді. Мұндай төмен көрсеткіштер жексенбіде дәстүрлі түрде тестілеудің аздығымен түсіндіріледі, - деп атап өтті батыс БАҚ. 

Алайда ауырғандар саны 20 қарашадан бастап төмендеп келеді.

Соңғы бір тәулікте Францияда 458 адам қайтыс болды. COVID-19-дан болған өлім-жітімнің жалпы саны 50 мыңнан асты.

Францияда барлығы 2 153 815 COVID-19 жағдайы анықталды. Коронавирус дерті бойынша Франция әлемде төртінші, ал өлім-жітім деңгейімен жетінші орында тұр.

Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбіде мәлімдегендей, елде коронавирустық пандемияның екінші толқыны аяқталды. Осы демалыс күндері карантинді жеңілдету шаралары басталады. Рождество қарсаңында дүкендер, театрлар мен кинотеатрларды қайта ашу жоспарлануда. Макронның айтуынша, пандемияның үшінші толқынының дамуына жол бермеу үшін мейрамханалар, кафелер мен барлар 20 қаңтарға дейін жұмыс істемейді.

Ұлыбритания

Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырғандардың ең төменгі тәуліктік өсімі тіркелді - соңғы 24 сағат ішінде 11 299 жағдай анықталды. Сонымен қатар, вирус жұқтырғандар арасындағы өлімнің тәуліктік саны алдыңғы күнмен салыстырғанда үш есе - 608-ге дейін өсті.

Worldometer статистикалық сайтының мәліметіне сәйкес, Ұлыбританияда пандемия кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1,5 миллионнан астам жағдайы анықталды, COVID-19 салдарынан елде 55,8 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Швеция

Батыс БАҚ-ның хабарлауынша, 2020 жылдың көктемінде коронавирустың алғашқы толқыны кезінде локдаун енгізбеген Швецияда Денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек агенттігі вирус салдарынан жаппай өлім-жітім жағдайлары тіркелген қарттар үйі қызметін ұйымдастыру шараларын сынға алды. Себебі, Швецияда COVID-19 салдарынан болған 6,5 мың өлім-жітімнің жартысына жуығы қарттар үйіне тиесілі.

Агенттіктің қорытындысына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің «елеулі кемшіліктері» үшін тек эпидемияны айыптауға болмайды. Сонымен қатар, 2020 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында қарттар үйіндегі коронавируспен ауыратындардың 20%-ын дәрігерлер жеке тексермеген. Науқастар тексерілген жағдайда, 10%-дан азы медициналық тексеруден өтті, көпшілігі телефон арқылы кеңес алды. Сондай-ақ, емдеу қарттар үйі қонақтарының медициналық карталарындағы дұрыс емес мәліметтерге байланысты бұзылды.

Агенттік қарттар үйінің тұрғындары коронавирус жұқтырған жағдайда қалыпты көмек ала алмады деп қорытынды жасады.

Швецияда барлығы 225 560 коронавирус оқиғасы тіркелді, 6,5 мың адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта бұл елде негізінен ұсынымдық сипаттағы шаралар қолданыста. Стокгольмды қосқанда бірнеше аймақта адамдарға азық-түлік пен дәріханалардан басқа қоғамдық орындар мен дүкендерден аулақ болуға, сондай-ақ біршама адам қатысатын кештерге немесе басқа іс-шараларға бармауға кеңес берілді.


Өзгелердің жаңалығы