Еуропада газ бағасы шамамен 4%-ға өсті

Баға динамикасы алдыңғы сауда күніндегі есептік көрсеткішпен салыстырылып отыр. Ол кезде газдың мың текше метрінің бағасы 1 045 доллар болған.

 pixabay 24 Қазан 2026, 05:18
24 Қазан 2026, 05:18
114
Фото: pixabay

Еуропада газ бағасы мың текше метріне 1 083 долларға дейін көтерілді.

Еуропада газ бағасы шамамен 4%-ға өсті. Фото: inbusiness.kz

«Прайм» агенттігінің хабарлауынша, Нидерландта орналасқан Еуропадағы ірі газ сауда орталығының (TTF) индексі бойынша қараша айына арналған ең жақын фьючерстер сауданы 1 050,6 доллар деңгейінде бастады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,5%-ға жоғары.

Қазіргі уақытта бағаның ең төменгі көрсеткіші 1 048,3 долларды (+0,3%), ал ең жоғарғы көрсеткіші 1 079 долларды (+4,1%) құрады. Қазақстан уақыты бойынша сағат 00:01-де баға 1 082,5 долларға жетіп, 3,6%-ға өсті.

Баға динамикасы алдыңғы сауда күніндегі есептік көрсеткішпен салыстырылып отыр. Ол кезде газдың мың текше метрінің бағасы 1 045 доллар болған.

Бір күн бұрын газ бағасы 2022 жылдың желтоқсан айының соңынан бері алғаш рет 1 050 доллардан асқан еді.

 
 
 
 
 
Наверх