Еуропа кубогі: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алты медаль жеңіп алды

13 Наурыз 2023, 12:56
1141
Бөлісу:
Еуропа кубогі: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алты медаль жеңіп алды
PHOTO
Фото: European Judo Union

11-12 наурыз күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа ашық кубогін 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, медаль кестесінде 5-ші орынға тұрақтады. 

Еуропа кубогі: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алты медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпазлары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) Қазақстан қоржынына үш қола жүлдені салды. 

Айта кетерлігі, аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады. 

Өзгелердің жаңалығы