Еуропа кубогі: Алғашқы медаль

16 Ақпан 2020, 11:07
1571
Бөлісу:
Еуропа кубогі: Алғашқы медаль

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан ерлер арасында Еуропа кубогі басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық Қанат Сейілхан қола жүлде жеңіп алды.

Бұл туралы Olympic.kz сайтында хабарланды.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жарыста 6 кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті.

Жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеген Қанатты ресейлік Иван Долгих тоқтатты. Жұбаныш финалында күресуге мүмкіндік алған ол Бразилия спортшысы Эрик Такабатакені иппонмен жеңіп, кіші финалға жолдама алды. Ал қола жүлде үшін белдесуде Сумябазар Энхтайванды (Моңғолия) вазаримен жеңді.

Өзгелердің жаңалығы