Еуропа елдерінің рұқсат бланкілеріне қажеттілік өсті

20 Мамыр 2024, 13:10
436
Бөлісу:
Еуропа елдерінің рұқсат бланкілеріне қажеттілік өсті
Фото: BAQ.KZ - архив

Көлік министрлігі халықаралық жүк тасымалы саласында жұмыс істейтін отандық тасымалдаушылар үшін жағдай жасау бойынша кешенді жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство басшысы Марат Қарабаев Қазақстанның Латвия, Литва және Эстониямен автотасымалдау саласындағы қол жеткізілген уағдаластықтары туралы мәлімдеді.

Қазіргі таңда қазақстандық тасымалдаушылардың Еуропа елдерінің рұқсат бланкілеріне қажеттілігі күрт өсті. Латвия, Литва және Эстониядан алынғанөзара алмастырылатын рұқсат бланкілерінің 70 пайыздан астамы қазақстандық тасымалдаушыларға пайдалану үшін берілген. Іссапар барысында қазақстандық тарапқа рұқсат бланкілерінің қосымша санын бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Атап айтсам, Латвия – 6 мың, Эстония – 800 және Литва – 3 мың рұқсат бланкісін бермек. Биылдың өзінде бұл елдерден алынған рұқсат бланкілерінің жалпы саны шамамен 29 мың бірлікке жетті. Бұл бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Қосымша рұқсат бланкілері санының артуы Қазақстан мен Еуропаелдері арасындағы тауар айналымының өсуіне, сондай-ақ тасымалдау құнының төмендеуіне ықпал етеді, - деп атап өтті министр Қарабаев.

Өзгелердің жаңалығы