Еуропа чемпионатына іріктеу: Футболдан Қазақстан жастары алғашқы жеңісіне жетті

17 Қараша 2023, 02:20
440
Бөлісу:
Еуропа чемпионатына іріктеу: Футболдан Қазақстан жастары алғашқы жеңісіне жетті
Фото: baq.kz

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысының төртінші ойынында Мальтамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Испания, Мажарстан, Шотландия, Мальта және Бельгия құрамалары.

Сырт алаңда өткен матчта қазақстандық жастар алаң иелеріне қарсы тегеурінде ойын көрсетті.

Аталған топта Мальта әлсіз құраманың бірі болып отыр. Қазірге дейін төрт кездесудің барлығында қарсыласына есе жіберді.

Бүгінгі ойынның бірінші кезеңінде қос құраманың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Кейбір сәтте оларға дәлдік жетіспесе, ендігі бір мезетте қақпашы мен қорғаушылар сауатты ойын көрсетті.

Екінші кезеңде қазақстандық Айбар Абдулла 53-минутта есеп ашса, 72-минутта Дамир Қасаболат басымдықты арттыра түсті.

Осылайша Қазақстан футболшылары құрлықтық дода іріктеу сатысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Есеп – 2:0.

Еске салсақ, ел жастары бұдан бұрын үш ойын өткізіп, Мажарстанға – 0:2, Бельгияға – 0:1, Испанияға 0:4 есебімен жол берді.

Енді ҚР құрамасы алдағы ойынын 2024 жылдың 21 наурызында сырт алаңда Шотландияға қарсы өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы