Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропа алаңдаулы: Трамп Украинадағы бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін бе?

Бүгiн, 00:30
147
Бөлісу:
 Rebecca Noble / Getty Images
Фото: Rebecca Noble / Getty Images

Еуропалық шенеуніктер АҚШ президенті Дональд Трамптың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде ілгерілеудің жоқтығына байланысты шыдамын жоғалтып, бейбіт жоспардан бас тартуы мүмкін деп алаңдаулы. Бұл туралы CNN аты-жөнін атамаған дереккөздерге сілтеме жасай отырып мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Арна дереккөзінің хабарлауынша, Трамп келіссөздердің тоқырауына Киев пен Еуропалық одақ елдерін кінәлап, бастамадан шығуы ықтимал.

CNN-ге пікір білдірген анонимді жоғары лауазымды АҚШ шенеунігі де бұл қауіптің бар екенін мойындап, ұзаққа созылған соғыс Вашингтон үшін «саяси ауыртпалыққа айналғанын» атап өтті. Сонымен қатар АҚШ-тың НАТО жанындағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер Fox News эфирінде Трамп Мәскеу мен Киев арасында бейбіт келісімге келу мүмкін емес деп шешсе, реттеу әрекеттерінен толықтай бас тартуы мүмкін екенін айтты.

Ал Wall Street Journal дереккөздері бейбіт жоспардың негізгі тармақтарындағы қайшылықтарды жою үшін «апталар немесе айлар» қажет болуы мүмкін екенін атап өтті. Олардың бірі Вашингтон Еуропа мен Украинаның орындауы қиын талаптар қойып отырғанын жеткізді.

Financial Times та алдыңғы күні Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге АҚШ ұсынған бейбіт жоспарды қарастыру үшін Рождествоға дейін уақыт бергенін жазды. Киевтегі дереккөздер де Трамптың жедел жауап күтетінін растағанымен, нақты мерзім белгіленбегенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы