Ол интернет-платформалар мен әлеуметтік желілелерді, өз қолданушыларын заңсыз контент, тауар мен қызметтен қорғауға міндеттейді деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Әсіресе одақ аумағында 45 миллионннан аса пайдаланушысы бар Фейсбук, Амазон, Гугл секілді компаниялардың жауапкершілігі артады. Талаптар орындалмаса, олар жылдық айналымының 6 пайызына пара-пар айыппұл төлейді. Ереже қайта бұзылса, Еуроодақ аумағында қызмет көрсетуіне тыйым салынуы мүмкін.
Сонымен қатар, ірі интернет-платформалар тікелей Еуропалық комиссияның бақылауында болады. Қолданушылар өз шағымдарын бірден осы органға жолдай алады.