Еуроодақтың Энергетика министрлері газ бағасына кезең-кезеңмен шектеу енгізуге уағдаласты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы «Хабар 24» жазды. Бірақ ортақ аймақ елдері мәселені қызу талқылап жатқанмен Еурокомиссия мұндай бастаманы әлі ресми ұсына қоймаған.
Мәселеге қатысты тараптар қараша айының соңында тағы бір рет бас қосатын болып шешті. Бұл Одаққа кіретін елдер өкілдерінің энергетикалық дағдарыспен күресуге қатысты төртінші шұғыл отырысы болмақ.
Бүгінгі басқосуда тараптар газды сатып алуда бірлесіп әрекет етуге келісті. Жылыту маусымы аяқталған соң көгілдір отынды сенімді серіктестерден алу жағына көп көңіл бөлетін боламыз. Сонымен қатар газ бағасына шектеу енгізу жағын қарастырып жатырмыз, - деді Чехия энергетика министрі Йозеф Сикела.