Еуроодақ 6 елдің туристерін кіргізбеуге кеңес берді

31 Тамыз 2021, 10:45
1954
Бөлісу:
Еуроодақ 6 елдің туристерін кіргізбеуге кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одақ ұйымға мүше елдерге АҚШ пен тағы 5 елден келетін туристерге өз аумағына кіруге тыйым салуға кеңес берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрама Штаттардан бөлек, қара тізімге Израиль, Косово, Ливан, Черногория және Солтүстік Македония енгізілген.

Себебі бұл елдерде Дельта штамынан соңғы апталарда індет қайта өршіген. Әсіресе COVID-19-ға қарсы егілмеген тұрғындардың дертке шалдығуы артқан. Осыған байланысты осы елдерден келген азаматтарға ПТР-тест тапсыртқызып, карантинге жатқызу сияқты шараларды қалпына келтіру ұсынылған.

Ал АҚШ-та Еуроодақ тұрғындарының емін-еркін кіруіне тыйым салынған. Бірақ бұл елдің Ауруды бақылау және алдын алу орталығы болса туристер үшін ең қауіпті 4-дәрежелі елдер қатарына Швейцария мен Пуэрто-Риконы жатқызған. Яғни қос елге тек толықтай вакциналанған азаматтарға ғана саяхаттауға кеңес беріледі.


Өзгелердің жаңалығы