Еуроодақ Британияға қаржы міндеттемесін өтеуді жүктеді

21 Қыркүйек 2019, 08:39
1864
Бөлісу:
Еуроодақ Британияға қаржы міндеттемесін өтеуді жүктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания тек орынды дәлелдері болғанда ғана Еуроодақтан шығу мерзімін шегеруі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Сондай-ақ ол Солтүстік Ирландия шекарасында емін-еркін қатынауды сақтап, Еуроодақ алдында қаржылық міндеттемелерін орындауы тиіс. Еуропарламент осындай мазмұнда қарар қабылдады. Бұл құжат үшін 544 депутат дауыс берсе, 126-сы қарсы шығып, 38-і қалыс қалған.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан Брексит мерзімін кейінге қалдыруды сұрауға үкіметті міндеттейтін заң қабылдаған болатын.  Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы: - Бізбен кездесуінде Борис Джонсон Ұлыбритания келісімге жеткісі келеді, бірақ неде болса, 31 қазанда елі Еуропалық Одақ құрамынан шығатынын айтқан. Түк өзгеріс жоқ. Брекситтің келісімсіз өту қауіпі жоғары боп тұр.




Өзгелердің жаңалығы