Еурокомиссия президенті міндетті вакцинанцияға шақырды

2 Желтоқсан 2021, 10:15
749
Бөлісу:
Еурокомиссия президенті  міндетті вакцинанцияға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Еуроодақ вакциналауды міндеттеу мәселесін қарастыру керек деп мәлім етті.

Әлемде екпе ала алмайтын балалар мен денсаулығы ерекше адамдар көп. Бәрін вакциналау мүмкін емес. Алайда біз көпшілігін вакциналау арқылы жағдайды реттей аламыз. Сол себепті ЕО-ның міндетті вакцинациялау мәселесін талқылау қалыпты әрі түсінікті деп ойлаймын. Меніңше мұндай мәселе талқылануы тиіс, – деді ол.

Вакциналау деңгейі жоғары болғанымен, қазан айынан бастап Еуроодаққа мүше елдердің көбінде індет қайта өршіп кетті. Дегенмен індеттің бұрынғы толқындарымен салыстырғанда, ауруханаға жататын науқастар мен өлім саны азайған. Еуропа елдері санитарлық шараларды күшейтіп, тіпті локдаун жариялау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Еурокомиссия жариялаған мәлімдемеде Еуроодақ елдері коронавирустың жаңа омикрон штамының тарауына байланысты сапар жасауға шектеу енгізуге және тез арада халыққа үшінші екпе салуға дайын болуы керек делінген.

Еуропалықтардың үштен бір бөлігі вакцина салдырмаған. 150 миллион адам бұл өте көп. Иә, бәріне бірдей екпе алуға болмайды. Арасында кішкентай балалар мен сырқатқа шалдыққан адамдар бар. Алайда халықтың басым бөлігі вакцина салдыра алады екен. Сондықтан қазір вакциналауды міндеттеу туралы пікірді талқыға салу қажет деп санаймын. Ғылымға сүйенсек, тек толық вакциналау мен үшінші екпені салу ковидке қарсы қорғанысты қамтамасыз етеді, – деді Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен.

Өзгелердің жаңалығы